Сұлтан суырылып шықты

0 125

Астананың айнасы, тынысы, төл газеті – «Астана ақшамының» фототілшісі Сұлтан Сейітов «El.kz» жастар әлеуметтік желісі ұйымдастырған байқауда жеңімпаз атанды.

«Астананың үздік келбеті» атты суретшілер додасына елорданың сұлулығын, көркін, кереметін, мақпал түні мен салқар даласын арқау еткен отыз бір жұмыс түсіпті. «Бәсекеге түскен фотоларға көз жүгіртсеңіз, бас қаламыздың небір ғажайыптарын танисыз. Соңғы жылдары мұндай байқаулар жиілеп келеді. Бұл біздің Астанамыздың расында өзгешелігін, расында бірегейлігін дәріптейді және айшықтайды» дейді ұйымдастырушылар.

Бір айға созылған шараның нәтижесінде «Астана ақшамын» әсерлі, әдемі, жарасымды суреттерге толтырып жүрген әріптесіміз Сұлтан Сейітовтің айы оңынан туып, өзгелерден аты оза шапты. Жеңімпаз бұл жарысқа елорданың түнгі келбетін, қазақтың ұлттық құндылықтарын көрсете алатын суреттер ұсынғанын айтады. Айта кеткен жөн, «Астананың үздік келбетін» нысанаға алуда солтүстік қазақстандық Талғат Мұхиддин екінші орыннан көрінсе, астаналық Руслан Қарсамов үшінші орынды иеленді.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × three =