Сүйсіндірген Димаш

0 16

Әлемдік деңгейдегі қазақстандық өнер жұлдызы Димаш Құдайберген өзінің жеке концертін «Екатеринбург-ЭКСПО» залында берді.Осымен қазақстандық әнші Ресейдің үшінші ірі қаласына аялдады. Ол концерт қойған 4 мың орындық залда бірде-бір бос орын болған жоқ. Жұрт 2500-ден 40 000 рубльге дейін баратын билеттерді содан бір күн бұрын түгел пышақ үстінен үлестіріп әкетті.
Концерт өте жанды түрде өтті. Мұның үстіне, залдағы акустиканың алдыңғы екі қалаға қарағанда да жақсы екені оның жоғары деңгейде болуына әсер етті.
Осымен Димаштың Еуропаның 6 мемлекетінің 11 қаласында өтетін «Arnau toour 2020» атты гастрольдік турнесі аяқталады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды