СУҒА ТҮССЕҢ, АБАЙЛА!

0 163

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, су қоймаларында төтенше жағ­дай­лардың алдын алуға бағытталған тү­сін­діру жұмыстарын жүргізуде. 

Әр демалыс сайын тұрақты өтетін шараның мақсаты – жазғы шомылу маусымында қауіпсіздік ережелерін тұрғындарға ескерту. Жаз болса, оқу­шылардан бастап үл­кендерге дейін суға шо­­мылғанды жаны сүйеді. Кейде осы демалыстың соңы қайғылы жағдайға ұласып жататыны жасырын емес. Сондықтан, елордалықтар үшін жыл сайын шомылатын жерлерде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің іс-шаралар жоспары әзір­ленген. Ол бойынша құт­­қарушылар халыққа судағы қауіпсіздік шараларын таныстырып, суға түсетін орындарда қалай тәртіп сақтау керектігін түсіндіруде.

Демалыс күні ұйымдас­тырылған шараға 1500-ге жуық тұрғын қатысқан. Сонымен қатар, шара ба­рысында Қазақ ГЗУ аума­ғындағы көпірлер мен «Газмашаппаратура» ауданы тәуекел аймаққа жататыны анықталды. Осыған байланысты ол жерлерге тыйым салатын және ескертетін 30-ға жуық белгі қойылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 − 3 =