Суға түсетін орындар белгіленді

0 49

Төтенше жағдай департаменті елордада су нысандарын тізімдеу жұмыстары жүргізіп, оның нәтижесінде суға түсуге арналған 23 орынды анықталды.Орталық жағажай, «Три пескаря» және «Столичный двор» демалыс аймақтарына рұқсат етілді. «Алматы-3, Байқоңыр-1, Есіл-3, Сарыарқа-3 аудандарындағы он учаскеде қосымша тегін жағажай ашу туралы ұсыныс жасалды. Бұл су аймақтарындағы қарбаласты айтарлықтай азайтады» делінген Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. Сондай-ақ тағы он учаскеде су деңгейінің төмендігі, кіретін жолдардың болмауы, қалың тоғайлы әрі қамысы болуы салдарынан жағажай ашу қолайсыз деп танылды. «Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін рұқсат етілмеген жерлерге тыйым салу таңбалары мен қалқыма белгілер қойылады. Өзеннің төменгі бөлігі шомылу орындары ретінде тексеріліп, қауіпті учаскелер қоршалады және патрульдік полиция күн сайын күзетеді» делінген ТЖД мәліметінде.
Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының тыйым салынған шомылу орындарын және оларға қойылатын талаптарды анықтау туралы шешіміне толықтырулар енгізілді. Бұдан басқа, алдағы жағажай маусымында 90 дана «Шомылуға тыйым салынады» белгісі және қала су айдындарында адамдардың қаза болуы статистикасы бар 25 ақпараттық стенд орнатылады. Сондай-ақ Департаменттің өрт сөндіру және құтқару бөлімшелері 20 қалқыма белгі орнатады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen − 8 =