«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Субұрқақтар қауіпті ме?

0 9

Еліміздегі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мамандары субұрқақта шомылу жіті ішек инфекциясына, респираторлық инфекцияға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

DSC_9867

Жалпы қаладағы субұрқақтардағы су шомылуға арналмаған. Оның құрамына денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіретін түрлі химиялық заттар қосылады. Сол арқылы әр түрлі инфекцияларды жұқтыру қаупі бар. Мамандар жыл сайын жазда, мамырдан қыркүйек­ке дейінгі айларда, вирустық санитариялық-химиялық және бактериологиялық көрсеткіштердің бар-жоғын анықтау үшін су сынамаларын ала отырып, субұрқақ кешендеріндегі су сапасына мониторинг жүргізеді.

Бүгінгі таңда елімізде 643 субұрқақ бар, оның 318-і (49,4%) зертханалық бақылауға алынған. Биыл жыл басынан бері вирусологиялық көрсеткіштер бойынша 197 су сынамасы, бактериологиялық көрсеткіштерді анықтау үшін 76 су сынамасы және санитариялық-химиялық көрсеткіштер жөнінен 47 су сынамасы алынды. Сәйкес келмейтін сынамалардың негізгі көлемі (9,1%) вирусологиялық көрсеткіштер бойынша анықталған. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілдері азаматтарды сақтық шараларын сақтауға шақырып, субұрқақтарда шомылудан аулақ болуға кеңес береді.

 Баян  АСЫЛБЕКОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды