Субұрқақтар іске қосылды

0 10

Астаналықтар ең бірінші «Нұржол» желекжолындағы орталық фонтанды тамашалауға мүмкіндік алды.Орталық фонтанда 112 шамнан тұратын жарық-динамикалық жарығы бар. Фонтанда 56 су ағыны 1,5 метрге жоғары көтеріледі. Фонтанда биіктігі 1 метрге дейін жасанды тұман жасау функциясы бар, ол субұрқақтың тостағанына тікелей орнатылған 56 саптама арқылы жүзеге асырылады. Жаз мезгілінде мұндай фонтан жасанды тұман жасап, саябаққа келушілерге жағымды әсер қалдырады.
Жалпы Есіл ауданында 48 субұрқақтан тұратын 25 фонтан кешені орналасқан. Оның төртеуі – музыкалық, атап айтқанда, «Нұржол» желекжолы, ЕХРО-2017, Ботаникалық бақ, «Жетісу» саябағындағы фонтандарда су бұрқақтары әсем әуендермен көмкеріліп отырады. Өткен жылы «Нұржол» желекжолындағы осындай фонтандардың бірінде репертуар жаңартылды. Енді ол жерде Батырхан Шүкеновтің, Димаш Құдайбергеннің әндері мен Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы» шырқалады.
Ал Есіл өзенінің жағасындағы 2005 жылы салынған сая­бақты 2020 жылы жөндеу барысында үш фонтанның апатты жағдайда екені анықталды. Қазір тұрғындардың өтініші бойынша ескі фонтандардың орнына 4 жаңа күрделі инженерлік құрылыстар орнатылды. Онда бактерияларды, вирустарды және басқа да организмдерді ультракүлгін сәулелену арқылы өлтіретін заманауи су тазарту жүйесі бірге орнатылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 + twelve =