©2020 Астана Ақшамы
Сүбелі сөз
Дәуренбек ӘУБӘКІР, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, философия ғылымының докторы:
– Латын әліпбиіне көшетін болсақ, оны тиімдірек атқару үшін кем дегенде екі талап-қағиданы ұстану қажет. Алғашқысы, техникалық әліпби тек ағылшын таңбаларынан тұрғаны жөн. Екіншісі, қазақ тілінде сөздер естілуімен жазылады, осыған мейлінше жақын, халықаралық деңгейде орын алып отырған латын әліпбилік таңбаларын транскрипциялық оқу ауызша айту жүйесін өз тілімізге оңтайлы етіп алуға жол ашылуы тиіс.
Серік ЕРҒАЛИ, Түркі академиясының үйлестіруші редакторы:
Жұртты кирилшеден латыншаға қызыға ойысатындай шаралар ұйымдастыруға болады. Өйткені, іс әліпби кестесін түзумен бітпейді, лексикалық қордың электрондық базасын жасап, оны орфографиялық, орфоэпиялық, транскрипциялық, транслитерациялық сөздіктерге айналдырып, әрбір электрон сайманына енгізетіндей нормативтік құжат қабылдануы қажет. Сонда әр компьютерде қазақ тілінің сүйемел бағдарламасы енгізіліп, сатылатындай міндет жүктеледі. Сөйтіп, қазақтілді тұтынушы жазу кезінде басы қатпай-ақ, дұрыс жазу тексермесі арқылы қолдау табады. Мәселеге кешенді түрде қарау керек. Өйткені, біз тілді жазу, оқу, таңбалау салалары бойынша түпкілікті реформа жасағалы отырмыз.
Еркежан СӘТІМБЕК, Ербол ЖАНАТ