Су тасқынына қарсы шаралар басталды

0 12

Көктемгі су тасқыны жағдайын ескере отырып, Есіл өзенінің арнасын қайта құру мен кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, арна түбін тереңдетіп, жағалауды нығайтып, бөгет салынып жатыр. Жобаны іске асыру судың кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге, өзендегі су деңгейін реттеуге және су тасқыны кезеңінде қаланы қауіпсіздендіруге ғана емес, сонымен қатар келесі жылдары да судың кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ кеме қатынасының дамуына ықпал етпек.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, қала су қоймасының жоспарлы жұмыс кестесі бекітілді. Былтыр күзден бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурс­тар министрлігі су төгетін құрылғысы бар қорғаныс бөгетін қайта құру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл реттеушінің өткізу қабілетін арттырады.
– Қалада су тасқынына қарсы басқа да шаралар жүргізілуде: арық-науа желілерін тазарту, нөсер кәріздері мен тазарту құрылыстарын салу, қарды жинау және шығару. Биыл қысқы маусымда 5 млн текше метрден астам қар шығарылды. Қазгидрометтің мәліметінше, топырақтың қату тереңдігі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жоғары, яғни су басу қаупі жоғары. Ауа райын ескере отырып, елді мекендерге ерекше назар аударуды тапсырдым, – деді қала басшысы.
Сондай-ақ су тасқынының алдын алу, оның салдарын жою үшін инертті материал­дар қоры дайындалған. Азаматтық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер тұрақты дайындыққа келтірілген.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten − 4 =