Су тартылып, жол салынады

0 7

Қала басшысыі Алтай Көлгінов тұрғындармен «Нұр Бесік» шағын ауданын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Бұл туралы инстаграм парақшасында жазды.

«Елорданы «Нұр-Сұлтан – тұрғындарға жайлы қала» жоспарының тұжырымдамасы аясында дамытып жатыр­мыз. Елді мекендерге ерекше назар аударылуда. Өйткені онда бірінші кезекте, үйлерге су жүргізу, орталық жылыту, кәріз, жарық, жолсыз және т.б. мәселелерді шешу қажет. Кеше кешкілік аралау барысында «Нұр Бесік» (Көктал-1 елді мекені) шағын ауданына бардым. Бұрын кездесуде тұрғындар толғандыратын мәселелерді айтып, олардың басым бөлігі шешімін тапқан болатын.
Қазір су құбырын салып жатырмыз, жыл соңына дейін осы аудан тұрғындарының үйлеріне ауыз су жүргіземіз, сонымен қатар Нұр Бесікке кіру және шығу барлық жағынан жүзеге асырылатындай етіп жол саламыз. Бұл аялдаманы тікелей шағын ауданға жақын орнатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ орамішілік көшелерді асфальттаймыз. Жарықтандыру орнатылды, балалар үшін үлкен алаң салынды, аймақты көгалдандырумен айналысамыз.
Бұдан басқа кварталішілік газбен жабдықтау желілерін салу бойынша жұмыстар жалғасуда. Көктал-1 елді мекенінде 80 пайыз тарату желілері салынды. Тұрғындармен кездесу барысында шағын ауданның одан әрі дамуы талқыланды. Сұрақтар жұмысқа алынды. Елді мекендерді абаттандыру мәселесі Президенттің бақылауында» деп жазды Алтай Көлгінов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × three =