Су реттегіш жұмысымен танысты

0 16

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қаланы су тасқынынан қорғайтын су реттегіштің жұмысымен танысты. Қала басшысына гидротехникалық құрылыстардың дайындығы мен «Астана» су қоймасының жағдайы туралы баяндалды.Алтай Көлгінов өз сөзінде су реттегіштің жағдайына үнемі мониторинг жүргізіп, су тасқынына қарсы жағдайды бақылауда ұстау қажеттігін атап өтіп, су тасқынына қарсы іс-шаралардың кешенді жоспарын бекітті. Соған сәйкес штаб құрылды.
Айта кетейік, қазіргі дейін қаладан 3,7 млн текше метр­ге жуық қар шығарылды. Бұл өткен қыстың осындай кезеңімен салыстырғанда 50%-ға артық. Камаз көліктері күніне 2,5 мың рейс жасайды. Күн сайын қаланы қардан 2 мың техника мен 1,5 мыңнан астам жол жұмысшылары тазалап жатыр. Боранды күндері және қалың қар жауған кезде кәсіпорындардың қосымша арнаулы техникасы қар тазалау жұмыстарына тартылады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды