Су құбырының сапасы артты

0 110

ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Астана су арнасы» МКК жұмысына жоспарлы тексерісін аяқтады. 

Мекеме басшысы Уәлихан Досаев, бекітілген инвестициялық бағдарламаға сәйкес 2011-2012 жылдары жоспарланған іс-шара­ларды толық жүзеге асыру үшін маңызды жыл болғандығын атап өтті. Инвестициялық бағдар­ла­маны жүзеге асыру бойынша жос­парланған 1,1 млрд теңгенің 1,05 млрд теңгесі игеріліп, 95,3 пайызға орындалған.

Осы бағдарлама аясында тех­нологиялық үдерісті оңтайлан­дыруға мүмкіндік беретін бас­қарудың түбегейлі жаңа автоматты жүйесі игерілген. Кәсіпорын бойынша апаттарды жою кезінде жедел шешім қабылдау үшін транкингтік радиобайланыс ауыстырылды. Сорап-сүзгілеу және су-сорап стансаларында технологиялық ақпарат беру жүйесі алынды. Жаңа энергия үнемдегіш жабдық, соның ішінде жиілік қайта өзгертулері бар сорап агрегаттары орнатылды.

Инвестициялық бағдарламаны орындау барысында 92 млн тең­ге сомасына 43 бірлігі бар маман­дандырылған өндірістік жабдық са­тып алынып, өндірістік базада төрттағанды краны бар ашық қойманың құрылысы аяқталды.

Жаңа жабдықты қолданудың елеулі нәтижелері бар. Су құбыры желілеріндегі апаттардың азаю тенденциясы байқалған. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, су құбыры желілерінде 1027 апат жойылған, бұл 2011 жылмен салыстырғанда, 30 пайызға кем.

Айгүл УАЙСОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 − 2 =