Су қоймаларында қорықшылық жүргізіледі

0 10

Нұр-Сұлтан қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «Жаснұр» кәсіпорнымен бірлесіп, «Астана» және «Қоянды» су қоймаларының аумағында күн сайын қорықшылық қызмет жүргізеді. Бұл жұмыс арқылы заңсыз балық аулау, су қоймаларының ластану жағдайын бақылау және браконьерліктің жолын кесу қамтамасыз етіледі.

Қорықшылық қызмет бір мезгілде күзетілетін аумақтағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жай-күйіне бақылау жүргізеді. Балық аулау әуесқойлары арасында тиісті ережелері мен су қоймаларының санитарлық тазалығын сақтау бойынша профилактикалық түсіндіру үнемі жүргізіледі.
15 сәуір мен 15 мамыр аралығында шортан, аққайран және көксерке сияқты балық түрлерін аулауға тыйым салынған. 20 мамырдан 20 маусымға дейін тұқы балығын аулауға болмайды. Уылдырық шашу кезеңінде инспекторлар, құқық қорғау, табиғат қорғау органдарының өкілдері рейдтер жүргізеді. Шектеулер мен тыйымдарды бұзғаны үшін қолданыстағы заңнамада 10-нан 20 АЕК-ке дейін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары қарастырылған. Бұл 29-58 мың теңге аралығын құрайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 5 =