СУ ҚАУПІ СЕЙІЛДІ

0 124

rhfy

Кеше Астана әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп қала аумағында су тасқынына қарсы атқарылып жатқан іс-шаралар жөнінде кеңейтілген брифинг өткізді.

Жиында Есіл ауданына қарасты «Юбилейный» саяжай алқабындағы судың көтерілуіне байланысты мәселелер қозғалды. Су тасқынының алдын алу барысында  25 адам, оның ішінде 13 бала қауіпсіз жерге көшірілгені айтылды. Үйлерін су басқан тұрғындардың бәрі де дін аман. Оның ішінде 19 адам қонақүйге орналастырылып, туыстарына жеткізілген. Ал, көрсетілген көмектен бас тартқандары ауыз су және азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

«Астана су қоймасына ең көбі170 млн текше метр, кем дегенде 130 млн текше метр су сияды. Біз қазірдің өзінде 150 млн текше метр су қабылдадық. Ол су қоймасының 97 пайызын толтырды. Қаланы тікұшақпен аралап, қауіп төнеді деген аймақтарды көріп шықтық. Енді тұрғындарға қажетті көмектің барлығы көрсетіледі» деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Василий Крылов.

Көктем келіп, қар ерігелі су басу қаупі төнген 5 809 елорда тұрғынынан өтініш келіп түскен. Күні кеше ғана оның 495-і қарастырылып, 15 540 текше метр су сорғызылды. Бұл жұмысқа 229 техника жұмылдырылды.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − 4 =