Су басудың алдын алады

0 21

Сарыарқа ауданында нөсер кәрізі жүйесінің жалпы ұзындығы – 78616 метр. 1982 тор мен 1164 құдық бар. 35 көшедегі арық желісі жұмыс істейді. Аудан аумағында 9 сорғы стансасы, 5 тазарту құрылғысы орналасқан.

Өткен жылдың басында құрылған «ElordaEcoSystems» кәсіпорны нөсер кәріздері жүйесімен айналысады. Биылғы мамыр айынан бастап Сарыарқа ауданындағы жаңбыр суын қабылдайтын 687 тор мен арық жүйесі тазаланып, коллекторлар жуылды. Бұл жүйелерге жиналып қалған 610 тонна қоқыс шығарылды. 68 құдық қақпағы мен торлар жаңартылды.
«Агрогородок» тұрғын алабында 94 көшенің 16-сында нөсер кәрізі жүйесі бар. Аудан аумағындағы 23 көшені су алады. Оның алдын алу үшін «Агрогородокта» тиісті жұмыстар жүргізілді. Бүгінде 20 көшеде жұмыс атқарылды. Су өткізетін құбырлар жаңартылып, 125 құдық орнатылды. Бұл жұмыс 380 үй мен 4950 тұрғынды қамтыды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

6 − five =