Су басу қаупі сейілді

0 59

Бас шаһарда 5 миллион текше метрден аса қар шығарылды. Су сору жұмыстарына күн сайын 200-ден аса арнайы техника, яғни ассенизаторлық машиналар мен мотопомпалар жұмылдырылуда.Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік сайын орта есеппен 30000 текше метр су сорып алады. Көктем мезгілі басталғалы бері 180000 текше метрден аса су сорылды.
Елордада су басу қаупі бар жерлерде нөсер кәрізін салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мәселен, Б.Момышұлы даңғылында биылғы жазда су басу мәселесі шешілетін болады. Аталмыш даңғылда Дауылпаз көшесінен Елім-ай көшесіне дейін ұзындығы 500 метр болатын нөсер кәрізінің магистралды коллекторының құрылысы жүргізілуде.
Сондай-ақ «Молодежный» шағын ауданында (Тәшенов және Амман көшелерінің қиылысы) тазарту жүргізіліп, жеткізуші коллекторлар қайта жөнделуде. Жаңа құрылыстардың қуат­тылығы тәулігіне 42 мың текше метрден асады, бұл нөсер кәріздерінің өткізу қабілетін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде Тәшенов, Бараев, Уәлиханов, Иманбаева көшелері мен Республика даңғылын су басуын болдырмауға мүмкіндік береді. Тазарту қондырғысы жер астында салынатындықтан, үстіндегі алаңға түрлі архитектуралық мүсіндер, көгалдандырылған алаң орнатылады. Құрылысты биыл аяқтау жоспарланып отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × two =