Жаңалықтар

«Су арнасы» сақадай сай

«Астана су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2012-2013 жылдарға арналған  жылыту маусымында сумен қамтамасыз ету және кәріздендіруге дайындық жұмыстарын аяқтады.

Астананың су қоймасында жалпы көлемі 248,9 млн шақырым текше метрдей су қоры бар.  Сумен 192 607 жеке тұлға, 6 177 заңды тұлға, оның ішінде 91 білім беру нысаны, 66 балалар бақшасы, 50 денсаулық сақтау орны қамтамасыз етіледі. Қазіргі  таңда  115 801 пәтерде 294 166 дана су тұтынымын есептейтін жеке құрылғы орнатылған. Бұл суды үнемді пайдалану мен сараланған тарифтер бойынша қаражат төлеуге барынша ықпал етеді. Сондай-ақ, бұған дейін су құбырлары тазартылып, 14,7 шақырым құбыр желілері ауыстырылды.  Су құбырларының  121 метрі жылу сақтағыш орамалдармен қапталды. Бір сөзбен айтқанда, су құбыры және кәріздің барлық сыртқы желілері қысқы маусымға сақадай сай.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button