Студенттерге – шеберлік сағаты

0 21

Қаламыздағы техникалық колледжде студенттерге арналған «Jastar Talks» жобасы аясында шеберлік сағаты өтті.

image-10-11-21-12-34
image-10-11-21-12-34-1
image-10-11-21-12-34-2
image-10-11-21-12-34-3
image-10-11-21-12-34-4
image-10-11-21-12-34-5
image-10-11-21-12-34-6
image-10-11-21-12-34-7
image-10-11-21-12-34-8
image-10-11-21-12-34-9
previous arrow
next arrow

«Ұрпақтар арасындағы сабақтастық» атты тренингке колледждің 1-3-курс студенттері мен білікті бизнес-тренер Арман Ақбердиев қатысты. Шара барысында студенттер бизнес бастау, жоба жасау, идея құру жөнінде өз білімдерін кеңейтіп, пікір алмасты. Осы орайда Арман Ақбердиев көшбасшылық, шешендік қасиеттерді дамыту бойынша дәріс оқып, компания ашу, бизнес-талдау жүргізу жөніндегі тәжірибесімен бөлісті.

– Студенттерге дұрыс мақсат қоя алуды үйреткім келді. Оның ішінде әртүрлі құралдарды қолдана отырып, кәсіпкерлікті оңай жүргізу жолдарын айттым. Мәселен, smart және grow әдістері қалай жүретінін баяндап, мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдауға арналған қандай бағдарламалар бар екенін түсіндірдім. Қазір оқимын деген жасқа бағдарлама көп. Жастар ресурстық орталығының тегін оқулары да бар. Соның барлығын пайдаланып, жастар жаңа кәсіп бастаймын десе, мүмкіндік жетеді. Бұл шеберлік сағаты арқылы жастар алға қойған мақсаттарына жете алса, біз тек қуанамыз. Сондықтан осы дәріс арқылы жастардың 10 пайызы ақпарат алатын болса, соның өзі үлкен жетістік деп есептеймін, – деді Арман Ақбердиев.

Бұл шара аталған колледжбен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Астана жастары» КММ-нің ұйымдас­тыруымен өтіп отыр. Айта кетсек, «Jastar Talks» жобасы – аға буын мен жастар арасындағы пікір алмасуға арналған ашық алаң. Оның мақсаты – жастардың жеке және әлеуметтік дамуына ықпал етіп, шығармашылық дамуына жағдай жасау.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine − eight =