Студенттер үйі салынады

0 33

Бас қалада құрылысы басталатын студенттік жатақхананың іргетасын салтанатты қалаудың рәсімі өтті.

Студенттер үйі кешені – ­Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ауқымды жобаларының бірі. Жалпы ауданы 45000 шаршы метр болатын ­студенттік жатақхана Нұр-Сұлтан қаласындағы А.Байтұрсынұлы мен К.Әзірбаев көшелерінің қиылысында бой көтереді. Бес қабаттан тұратын 2361 орындық жатақхана еліміздегі студенттік жатақханалар ішіндегі ең ауқымдысы. Мұнда студенттердің жайлы тұруына, оқып демалуына жағдайлар жасалады. Демалыс орталықтары, жаттығу залдары, спорт алаңдары мен дүкендер желісі де қарастырылған. Құны 7 млрд теңгеден астатын құрылыс жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады. Мердігер – «MEGASTROI SERVIS» ЖШС. Бұл кешен 2022 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Салтанатты шараға қатысушылар тарихи сәтте 2045 жылғы студенттерге арнап жазылған өсиет-хаттың куәсі болды. Өсиет-хат арнайы құтыда сақталады. Жатақхананың алғашқы кірпішін қалауға қатысқан ­Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов Елбасының тапсырмасы бойынша студенттерді жатақханамен қамту 3 жыл ішінде орындалу керектігін айтты.
– Мердігер құрылыс компаниясына алғыс айтқым келеді. Инвестор ретінде өз қаржысына 2 жылдың ішінде жатақхананың құрлысын аяқтауға уәде берді. Бұл орын жобаланған кезде студенттердің болашақта тұратын мекенжайында барлық ыңғайлы жағдайлар қарастарылады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven + twelve =