«Стратегия-2050» – салмақты сайт

0 93

Осы аптада отандық ақпарат құралдарының қатарына саяси салмағы басым сайт қосылды. 

Жаңа порталдың мақсаты  –  «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясының жүзеге асырылу барысы туралы жедел ақпараттар мен эксклюзивті талдаулардың қайнар  көзін құру. Интерактивті веб-пор­тал­дың таныстырылымында белгілі болғандай күн сайын мұнда Стратегияның жүзеге асу барысы туралы шамамен 40 ақпа­раттық және талдау материалдары, сондай-ақ жеке видео, фотоматериалдар орналастыру жоспарлануда.

Сүбелі сөз

Арман ҚЫРЫҚБАЕВ,
ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі:

– Елбасының ел алдына қойған талаптарын орындау үшін, ортақ мақсаттарға жету үшін аянбай қызмет ету керек. Ол қызметтің қалай жасалып жатқандығын халық «Стратегия-2050» сайты арқылы біліп отыруы тиіс. Порталдың ерекшелігі – орталық мемлекеттік органдар­ деңгейінде атқарылып жатқан жұмыстарды ғана емес, сонымен­ қатар аймақтарда не болып жатқанынан да хабардар ететін болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 − sixteen =