Страдивари скрипкасымен онлайн-концерт

0 57

Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақтелеком» АҚ-ның қолдауымен жүзеге асып жатқан «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында танымал скрипкашы, «Әлем әртісі», Қазақстанның Еңбек Ері Айман Мұсақожаева онлайн-концерт берді.Әйгілі музыкант бұл концертінде барлық шығармаларды атақты шебер Антонио Страдивари 1732 жылы жасаған скрипкамен орындады. YouTube-канал арқылы көрермендер Абай Құнанбайұлы, Нұрғиса Тілендиев, Сезар Франк, Никколо Паганини, Людвиг ван Бетховена, Пабло де Сарасате және басқа да музыка майталмандарының туындыларын тыңдады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Сара Асабаева концерт концертмейстері болды.
Айман Мұсақожаева музыкалық шығармаларды ғана орындамай, Қазақстанның және әлемге әйгілі музыканттары туралы, олардың шығармашылығы жайлы әңгімеледі. Өзі басқаратын Қазақ ұлттық өнер университетінің тынысы жайында айтып, оқу орнының тарихын, маңызды оқиғаларын еске алды. Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қашықтықтан оқытуды қалай игеріп жатқанын айтып берді.
Онлайн-концертті қазақстандықтар ғана емес, әлем жұртшылығы тамашалап, риза болды. Айман Қожабекқызы осындай форматтағы концертті алғашқы рет беріп жатқанын атап өтіп, қазақстандықтарды рухани тұрғыдан қолдау үшін осы концертті беруді ұйғарғанын, кешті отандастарына арнайтынын айтты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 − fourteen =