Сталинградта шайқасқан

0 30

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Қазақстандық жауынгерлер – Сталинград үшін шайқаста» атты виртуалды көрме өтуде.«Сталинград шайқасы» музей-қорығының (Волгоград қаласы) қорынан виртуалды көрме Елбасы кітапханасының «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында Қазақстандағы Ресей Федерациясы елшілігінің және Россотрудничество өкілдігінің бастамасымен арнайы дайындалған.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры, профессор Әмірхан Рахымжанов өз сөзінде: «Биыл әлемде қалыптас­қан жағдайға байланысты сіздердің назарларыңызға бұл көрмені электронды форматта ұсынып отырмыз. Сталинград бағытындағы әскер құрамында Қызыл Армияның 320 құрамасы мен 250-ден астам бөлімдері болды, оның ішінде бес атқыш және кавалериялық дивизиялар, атыс бригадасы, миномет полкы және механикаландырылған мотоқұрылыс батальонынан құралған қазақстандық құрамалар болды» деп атап өтті.
Шынында, Сталинград майданында қазақстандық жауынгерлер ерліктің көзсіз үлгісін көрсеткені анық. Көрмеде батыр қаланы азат етудегі 1942 жылдың 17 шілдесінен бастап 1943 жылдың 2 ақпаны аралығындағы қиян-кескі ұрысты ғана емес, Екінші дүниежүзілік соғыс тарихына тереңірек шолу жасаған. Осы қанды қырғында 500 мыңға жуық кеңес жауынгері қаза тапқан. Солардың арасында қазақстандықтар да болды. Сталинград майданы соғыстағы шешуші оқиғалардың бірі болды. Осы шайқаста қасық қаны қалғанша жаумен арпалысқан батырлардың жанкешті ерлігі мұрағат материалдарымен кеңірек қамтылған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 − 8 =