СПОРТТЫ СҮЙЕТIН СЫДЫҚОВ

0 95

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi мен «Астана» футбол, «Барыс» хоккей, «Астана» велоспорт және «Астана» баскетбол клубтары арасында арнайы меморандумға қол қойылды. Бұл университет ректоры Ерлан Сыдықовтың игi бастамасы болып отыр.
Салтанатты рәсiм университеттегi Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi аудиториясында өттi. Келген қонақтар мен университет бас-шылары, спорт мамандары алдымен елiмiздiң танымал спорт клубтары жайлы түсiрiлген бейнетүсiрiлiмдi тамашалады. Содан кейiн университет басшысы қонақтарға Күлтегiн атриумын көрсеттi.
Елiмiзге танымал спорт клубтарының басшылары және спортшыларымен кездесу барысында университет ректоры Е.Сыдықов: «Кез-келген әлемдiк сайыста спортшылар жеңiске жеткенде сол мемлекеттiң туы көкке көте-рiлiп, әнұраны шырқалады. Сондықтан да, болашақ спортшыларды дайындап, елiмiздiң абыройын асқақтататын жастарды тәрбиелеуде бүгiнгi шараның маңызы зор деп есептеймiн. Уни-верситетiмiздегi жастарды спортқа, салауатты өмiр салтын қалыптастыруға тәрбиелеу мақсатында спорттық клуб басшыларымен маңызды меморандумға қол қойып отырмыз. Бүгiнгi меморандум – келешекке жасалған мықты қадам екенi сөзсiз», – деп атап өттi.
Өз кезектерiнде «Астана» футбол клубының президентi Лашын Аймағам-бетов, «Астана» велоспорт клубының президентi Әлен Шәйжүнiсов, «Астана» футбол клубының капитаны Қайрат Нұрдәулетов және «Астана» баскетбол клубының бас директоры, Олимпиада ойындарының чемпионы Валерий Тихоненко қазiргi Қазақстан спортының алдында тұрған басты мәселелер жайлы әңгiмелеп бердi. Ректор клуб өкiлдерiне университеттiң арнайы ескерткiш медальдарын тапсырды. Ал студенттер болса спорт клубтарының арнайы белгiлерi бар жейделер мен шарфтарын мойында-рына тағып, болашақ жанкүйерлер қатарына қосылды.
Меморандумға қол қою рәсiмi соңында клуб басшылары университетте денсаулық және спорт шараларын дамыту саласына байланысты атқары-латын шаралар жайлы нақты ұсыныстарын жеткiзiп, алдағы атқарылатын спорттық шаралар бағдарламаларын бекiтуге қатысты. Түйiндеп айтқанда, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi Қазақстан спортының шынайы жанкүйерiне айналмақ.

Серiк – Ибраһим ОРЫНБЕКОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight − four =