СПОРТШЫЛАР БАЛАЛАРДЫ ҚУАНТТЫ

0 90

бала доп

Кеше ҚР Тұңғыш Президентінің музейінде мүм­кіндігі шектеулі балаларға арналған «Балаларға бақыт сыйлайық!» акция­сы өтті. Оған 6-14 жастағы жеткін­шектер қатысты.

Шара салауатты өмір салтын насихаттауға, мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғаммен тең екен­дігін көрсетуге және сауықтыру бойынша альтер­нативтік бағдарламаларды енгізуге бағытталды. Ұйымдастырушылар – «Жас Отан» жастар қанаты Астана қалалық филиалы, ҚР Тұңғыш Президентінің музейі және Қазақстанның футбол федерациясы.

Әлеуметтік акция Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының қатысуымен өтті. Белгілі футболшылар балаларға арнайы дайындалған сыйлықтарды табыстады және естелікке суретке түсіп, қолтаңба берді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − ten =