Спортшы боламын десеңіз…

0 18

Нұр-Сұлтан қаласының спорт мектептеріне 2021-2022 оқу жылына қабылдау басталды.

Елордада балалар мен жасөспірімдерге арналған 11 спорт мектебі жұмыс істейді. Қазіргі таңда 73 бөлімшеде 8032 бала спортпен тегін негізде шұғылданады. Оның ішінде олимпиадалық, олимпиадалық емес, ұлттық және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт түрлері бар. Спорт мектептеріне қабылдау әр жылдың қыркүйек айынан қазан айына дейін жүзеге асады.
Ата-аналар алдымен балалары баратын спорт мектебі мен спорт түрін таңдайды. Өтініш жазып, бала денсау­лығына спортпен айналысуға еш кедергі жоқ екені туралы дәрігер анықтамасы осы құжаттарды тапсырған соң іріктеуге шақырылады. Белгіленген нормативтерді орындаған балалар іріктеу негізінде спорт мектептеріне қабылданады.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептері мен олимпиадалық резертерді дайындайтын спорт мектептерінде балаларды біліктілігі жоғары жаттықтырушылар, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері жаттықтырады.
Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі спортшылар үшін жаттығу залы мен үйі арасында қатынайтын арнайы инва таксилер қарастырылған. Қосымша сұрақтар бойынша 55-67-53, 55-75-61 нөмірлеріне хабарласуларыңызға болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 + fifteen =