Спорт қолжетімді болуы керек

0 14

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қазіргі таңда ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан «Қазақстан» спорт кешенін аралады.  20 жыл бұрын салынған көпфункционалды спорт кешенінде қазір апаттық құрылымдарды бөлшектеу қолға алынған.

42d1e5d74e24fbb1db2643387ec02311

Жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде кешендегі көрермендерге арналған орындарының саны ұлғаяды. Хоккей алаңы ерекше қажеттілігі бар тұрғындарға лайықты етіп жаңғыртылады. Бассейндерде жүзу бойынша оқу-жаттығу дәрістері мен республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізу үшін қажетті жағдай жасалады. Бұдан бөлек, спорт кешеніндегі жаттығу залдары мен техникалық үй-жайлар жаңартылады.

Жалпы Мемлекет басшысының тапсыр­масына сай елордада бұқаралық спортты дамыту, балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар қолға алынған.

Өткен жылы қаладағы «Толқын» спорт кешенінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. 50 жыл бұрын салынған «Жастар» сарайына қайта жаңғырту жүргізіліп жатыр. Апатты деп танылған Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионының орнына жаңа спорт кешені салынады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

6 + 17 =