«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Спорт нысандарын аралады

0 101

Жаңадан тағайындалған Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев елордадағы бірқатар спорт нысандарымен танысты.

dc906eeb70de197211a43b9521524147

Министр Қ.Мұңайтпасов атындағы Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған республикалық мектеп-интернат-колледжіне, «Нұр-Сұлтан қаласы Олимпиадалық даярлау орталығы» көпфункционалды спорт кешенінің базасында ашылған Ұлттық спорт университетіне, сондай-ақ «Qazaqstan» жеңілатлетикалық спорт кешеніне барды.

Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев пен аталмыш министрліктің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев спорт кешендерінің жұмысымен таныстырып, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Спорттық нысандарды аралау барысында Нұр-Сұлтан қаласындағы жоғары жетістіктер спорты және дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту перспективалары талқыланды.

Дәурен Абаев спорттық инфрақұрылымды дамытып, балалар мен жасөспірімдердің сапалы дайындық жұмыстарына ерекше мән беру керектігін айтты. Спорт инфрақұрылымының  қолжетімділігі мен инклюзивтілігіне ерекше назар аудара отырып, дамыту қажеттігін, нысандарды кадрлық және материалдық-техникалық жабдықтау мәселелерін бақылауда ұстау маңыздылығын атап өтті.

Баян Асылбекова

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды