СПОРТ МЕКТЕПТЕРІНЕ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

0 143

0_80f7e_fbc856c8_XXL

Жаңа оқу жылының басталуына аз уақыт қалды. Жақын арада қаламыздағы спорт мектептеріне оқушыларды қабылдау басталады. Осыған орай балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне тәрбиеленушілерді қашан және қандай спорт түрлері бойынша қабылдайтыны жөнінде газетіміздің алдағы нөмірлерінің бірінде толық мәліметті беретін боламыз. Ал бүгін біздің сауалымызға Астана қаласындағы №7 Олимпиадалық резервінің балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі директорының орынбасары Асқар Әлдибеков жауап берді.

– Мектептеріңізге балаларды қабылдау қашан жүргізіледі және қай жастан бастап қабыл­дайсыздар?

– Биыл қабылдау науқаны 17 тамыз бен 17 қыркүйек аралы­ғын­да жүргізіледі. Қалаған спорты­на қарай 10 жастан 12 жас аралығындағы балалар қабылданады.

– Қандай спорт түрлері бойынша оқу-шынықтыру жүр­гізесіздер?

– Атап айтқанда, дзюдо, таеквондо, грек-рим күресі, еркін күрес, конкур, үшсайыс, каратэ-до, самбо, қазақ күресі, ушу таолу, киокушинкай кан каратэ, шинкиокушинкай каратэ, кикбоксинг, муайтай спорт түрлерін ұсынамыз.

Толық ақпаратты www.7sportmekteby.kz сайтымыздан және 39-00-92, 39-01-19 байланыс телефондары арқылы да білуге болады.

– Жаңа оқу жылына бапкер­леріңіз бен базаларыңыз сақадай сай шығар…

– Әрине, дайынбыз. Қазір мектеп әкімшілігі мен бапкерлер тобы қабылдау науқанына байланысты жұмыс жүргізіп жатыр. Түйіндеп айтқанда, салауатты өмір салтын сақтай білетін, спортты таңдаған балаларға біздің есігіміз әрдайым ашық . Тек салауатты ұлт бәсекелес елдердің қатарына кіре алады. Сондықтан, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге барынша атсалысамыз.

Гүлмира Аймағанбет

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 + 18 =