СПОРТ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ – «АШЫҚ ЕСІК» КҮНДЕРІ

0 141

_DSC2869

Жылда бір айналып соғатын, қала тұрғындары асыға күтетін спорт апталығының биылғы бағ­дарламасы да өте ауқымды. Бұқараның қаты­суымен өтетін сайыстардан бөлек, қаланың спорттық мекемелері мен нысандарында «Ашық есік» күндері өтеді.

Атап айтсақ 15 тамыз күні «Қазақстан» спорт сарайы, 16 тамыз күні №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олим­пиадалық резерв спорт мектебі, №2 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі, «Астана» су добынан спорт клубы, «Дәулет» спорт кешені, №10 Балалар мен жасөспірімдердің шайбалы хоккейден ма­ман­дандырылған спорт мек­тебі, 17 тамыз күні №7 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олим­пиадалық резерв спорт мектебі, Х.Омаров атындағы шахмат клубы балаларын қандай да бір үйірмеге жаздырғысы келетін қала тұрғындарының қызық­тырған барлық сауалдарына жауап беріп, жан-жақты таныстырады. Келушілер алдында спорт мектебінің тәрбиеленушілері спорт­тық машықтарын көрсетіп, түрлі жарыстар ұйым­дас­тырылады. Сондай-ақ, осы күндері «Мега» сауда, ойын-сауық орталығында құзға өрмелеуден көпшілік арасында жарыс және ше­берлік сабақтары өтеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

7 − three =