©2020 Астана Ақшамы
Спикерлер сайысы
Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен елорданың 20 жылдығы аясында «Туған жер – тұғырым, туған тіл – тұнығым» атты тақырыпта пікірсайыс өткізді.
Шараның мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «Туған жер» жобасының маңыздылығын түсіндіру арқылы жастардың санасына отансүйгіштік рухты сіңіру, сондай-ақ, мемлекеттік тілдің қажеттілігін насихаттау.
Жиын Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаевтың құттықтау сөзімен ашылды. Одан кейін сайысқа қатысушылар тақырып шеңберінде бағдарламаларын көпшілікке таныстырды. Жалынды жастар өз жұмыстарында туған жерді қадірлеу мен ана тілімізді аялаудың үлгілерін ұсынды. Оған көрермендер де өз ойларын қосты. Сарапшылардың пікірлері тыңдалды. Қысқасы, пікірсайыста жастардың белсенділігі, ой-толғаныстары үлкендерді сүйсіндірді.
Шара соңында озық ойларымен жиналғандарды тәнті еткен үздік спикерлер марапатталып, кеш танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.
Азамат ЕСЕНЖОЛ