Сот үкімі шықты

0 48

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2020 жылғы 21 қазанда 2005 жылы туған жасөспірім баланы 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін бірнеше рет зорлаған сотталушы Sid.A.J.-ге қатысты қылмыстық іс бойынша алқабилердің қатысуымен айыптау үкімін шығарды.

Нұр-Сұлтан қаласында тұратын Sid.A.J. 2005 жылы туған жас баланы 2017 жылдың желтоқсан айынан 2020 жылдың наурыз айына дейінгі аралықта ыңғайлы сәттерді пайдаланып, оның жылағанына қарамастан, күш қолданып және жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып қорқыту арқылы зорлаған (мұндай әрекетінің ұзын-саны 20-дан асады).
Жәбірленуші З.Ж. жасы кіші және сотталушыдан қорқатындығына байланысты, іс-әрекеттерінің мән-мағынасын, мақсатын түсінбегендіктен бұл жөнінде жасырып, ешкімге айтпаған. Сотталушы өз кінәсін мойындамағанымен, жасаған қылмысы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарымен және сот барысында берген дәлелдемелермен, іс материалдарымен, сараптама қорытындыларымен расталды. Қылмыстық-процестік кодекстің 29-бабына сәйкес, жасаған қылмыстар жыныстық қылмыстарға жататындықтан қылмыстық іс жабық отырыста қаралды.
Жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауiптiлiк дәрежесiн, сотталушының жеке басын, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың жоқтығын, қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, оның 2,5 жыл бойы аса ауыр санаттағы қылмысты озбырлықпен жасағанын ескеріп, сотталушының түзелуіне, жаңа қылмыстардың алдын алуға қажетті және жеткілікті жазаны тағайындау туралы қағиданы басшылыққа ала отырып, сотталушыны тек қана қоғамнан оқшаулау түріндегі жаза тағайындау арқылы тәрбиелеуге болады деген тұжырымға келедi. Осының негізінде сотталушы Sid.A.J.-ге алқабилердің 100 пайыз қолдауымен 20 жыл жаза тағайындау туралы шешім қабылданды. Сот үкімімен Sid.A.J.-ге Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігінде (кәмелетке толмаған баланың дәрменсіз күйін пайдаланып, жәбірленушімен жыныстық қатынас жасаған) көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танып, түпкілікті жаза ретінде кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты педагогикалық және олармен жұмыс істеуге байланысты басқа да лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 20 (жиырма) жыл мерзімге бас бостандығынан айы­ру жазасы тағайындалды және жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қажымұқан МЕКЕМТАС,
Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған аудан­аралық сотының судьясы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five + 2 =