«Сот кабинеті» – заманауи қызмет

0 130

Астана қалалық сотында сот органдарын заманауи ақпараттық технологиялармен таныстыру мақсатында дөңгелек үстел жиыны өтті.  Оған Халыққа қызмет көрсету орталығы мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

-000

Шара аясында «Астана қаласы бойынша Соттар әкімшісі» РММ басшысының міндетін атқарушы Айбол Ибрагимов сот жүйесіндегі жаңалықтың бірі «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің жұмысы жайлы айтып берді.

–Соттарға қолжетімділікті қамтамасыз етуде  «Сот кабинеті» сервисін дара айтып  өткен жөн. Оның ерекшелігі, тұрғындар өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта үйінен,  кеңсесінен шықпай-ақ, интернет желісі арқылы сотқа талап-арыздар, өтініштер, апелляциялық шағымдарды электронды түрде жолдай алады. Әрі сот құжатын, істегі мәртебесін қарап, сот актісін шығарып қана қоймай,  өтініштерді соттың қарау мерзімдерін де бақылауға мүмкіндігі бар, – дейді Айбол Ибрагимов.

Ресми деректерге сүйенсек, биылғы жылдың басынан бері «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы 32 135 талап арыз бен 2 325 сотқа жүгінулер келіп түскен. Бұл жүйе сот процесіне қатысушылардың ғана емес, соттың да материалдық шығыстарын қысқартуға, уақытын үнемдеуге септігін тигізген.  Жиын соңында Халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері аталмыш ақпараттық сервистің тиімді тұстарын атап өтіп, сервисті пайдалануға қажетті электронды санды қолтаңбаны алудың жолдарын  түсіндіріп берді. Жаңа қызмет қағазбастылықтан құтылудың бірден-бір жолы екенін де қатысушылар  баса айтты.

Қымбат НҰРҒАЛИ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one + 11 =