СОНЫ БІЛІМ, ТЫҢ ТАНЫМ ОРДАСЫ

0 137

Центра,-01.12

Мереке күні Мемлекет басшысы «Назарбаев Орталығының» жаңа ғимаратында болды.

Ғимаратты аралау барысында Нұрсұлтан Назарбаев  нысанның негізгі өлшемдерімен танысты. Тұңғыш Президент күні өзге де мемлекеттерде, атап айтсақ, АҚШ-та, Еуропа, Азия елдерінде мереке ретінде атап өтілетінін айта келе, Елбасы Қазақстан Парламенті өз шешімімен бекітілген осы мейрамнан соң маңызды мерекелердің басталатынын, олардың ішіндегі ең маңыздысы – Тәуелсіздік күні аталып өтілетініне тоқталды. «Бұл оқиғалар өзара байланысты. Мен мандат алып, барша халықтың қолдауына ие болған соң оның атынан еліміздің тәуелсіздігін жариялауға мүмкіндік алдым. Сондықтан, біз бұл күнді халқымыздың даму және өсіп-өркендеудің жаңа жолына түскен күн ретінде атап өтеміз. Бүгін Астана мен облыстарда еліміздің азаматтарына тұрғын үйлер берілуде, халықтың игілігіне қызмет ететін жаңа әлеуметтік нысандар іске қосылуда. Бұдан бөлек, бүгін елордада «Эко такси» жобасының тұсауы кесілді, ол «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындықтың басы болып саналады. Бұл Астанадағы экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған. Біз осы тәжірибені Алматыға және Қазақстанның басқа да қалаларына таратамыз» деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Бұл нысан – күллі әлемге белгілі архитектор Норман Фостердің туындысы. Онда тәуелсіздігіміздің тарихы, әлемдік экономика мен саясат жөнінде зерттеулер жүргізіледі. Жастар отандық тарих саласында жаңаша білім алады және тілдерді үйренеді. Көп функционалды ғимараттың аумағы 28 мың шаршы метрден асады, 9 қабаттан тұрады. Кітапхананың жалпы қоры 460 мың кітап сақтауға арналған, олардың 200 мыңға жуығы жабық қор.

Аталмыш нысанды салуға атсалысқан құры­лысшы­ларға, демеушілерге ризашылығын білдіре отырып,  Елбасы ғимараттың мемлекет қаржысына емес, жеке кәсіпкерлердің қаражатына салынғанын айтты.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten + eight =