СОЛ ЖАҒАЛАУҒА СЕЙФУЛЛИН ДЕ БАРАДЫ

0 98

Смаилбеков Болат Амангелдіұлы:
– Сәлеметсіз бе, құрметті Иманғали Нұрғалиұлы! Сұрайын дегенім: Сейфуллин көшесінің бас жағынан «Хан шатырға», Сол жағалауға шығатын жолайрығы немесе көпір салына ма?

ЖАУАП:
– Болат Амангелдіұлы, қазіргі кезде біз Бейсекова көшесінің Тілендиев даңғылынан Қорғалжын трассасына дейінгі бөлігіне жол салу жобасын жасадық. Бұл жобаны жүзеге асыру Сейфуллин көшесін де Есіл өзенінің сол жағалауымен жалғастыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік сараптамадан сәтті өтіп, қаржыландырылып жатса, оны жүзеге асыруға 2013 жылы кірісеміз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

9 + 12 =