«СӨЙЛЕ, СУРЕТ!» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

0 379

загруженное

14 қазанда Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратында қылқалам иесі Аңсаған Мұстафаның «Сөйле, сурет!» атты көрмесі ашылды. Университет ректоры Ерлан Сыдықов пен белгілі саясаттанушы, қоғам қайраткері Ерлан Қарин көрменің лентасын қиып, өнер иесінің алғашқы асуына сәттілік тіледі.

Бұл –  бүгінге дейін әлеуметтік же­лі­лер арқылы жалпыға танылған, сурет­шінің алғашқы көрмесі. Жас суретші бұл күні өнерсүйер қауымның назарына тущьпен салынған 50-ден аса туындысын ұсынды.

Аңсағанның негізгі тақырыбы – әлеу­меттік мәселелер. Өзінің айтуы бойын­ша, жастардың тәрбиесіне оң ықпал етіп, қоғамның бақытты, бейбіт тіршілік кешуіне аз да болса үлес қосуды мақсат етеді. Сол себепті де, өз суреттерін жас­тарға заманауи тәлім-тәрбие бере­тіндей айқын, бірден түсінікті инфографика тәсілін пайдалана отырып салады.

Айта кетерлігі, көрмеге қойылған суреттер сатылады. Өнер иесі түскен қаражатты қайырымдылық қорға аудармақ.

Көрме 25 қазанға дейін жалғасады.

Нәзира САЙЛАУҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two + eleven =