СОҒЫСТАН ЖЕТІМ ҚАЛҒАНДАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА ЗӘРУ

1 17  527

tn

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына алдағы жылы 70 жыл толады. Бұл адамзат тарихындағы ең ауыр соғыс болғаны белгілі. Аумағы жағынан бұл қырғын дүниежүзілік сипатқа ие болды. Құрбандардың саны жағынан да жоғары тұр. Тек бір ғана Кеңес одағының өзінен 20 миллионнан астам адам қаза болды. Сондықтан бұл соғысты ұмыту мүмкін емес. Оған қатысқан жауынгерлерді, тылда жанқиярлықпен еңбек еткен еңбекшілерді ардақтау әрбір ұрпақ үшін абыройлы міндет болып табылады.

Қазіргі кезде мемлекет тарапынан соғыс ардагерлеріне, олардың отбасына, тыл еңбеккерлеріне және сол кезде кәмелетке жетпестен жұмыс істеген жас балаларға да көңіл бөлініп, әртүрлі жеңілдіктер жасалынып жатыр. Осы жерде мына жайды еске алу керек: соғыста қаза болған жауынгерлердің көпшілігінің артында балалары қалды. Жастайынан жетімдік көріп, ауыртпалықпен арпалысқан бұл балалар қалай өсті? Бір жағынан әкелерінен айырылса, екінші жағынан өмір тауқыметін көп көрген мұндай балалардың көбі оқуда да, өмірде де көп нәрседен қағылды. Сол кезде жетім қалған балалардың ішінде пәтерсіз жүргендері де жоқ емес. Жастары ұлғайған сол азаматтар қазір қолдауға зәру.

Бүгінгі бейбіт заманда туған жетім балаларға пәтер беріліп, басқа да жеңілдіктер жасалып жатқаны белгілі. Ал, соғыста жетім қалған балалардың жағдайы әлі де ұмыт қалуда. Сондықтан, соғыстың салдарынан жетім қалған балаларға үкімет тарапынан лайықты дәрежеде көңіл бөлінсе екен деймін.

Қуанышбек КЕРІМҚҰЛОВ,
Астана қаласының тұрғыны

  1. Жанар :

    Өте өте дұрыс айтылған аға. Менің марқұм əкем Елемесов Жақыпбай балалық шағы ұрыс кезінде қиыншылықпен өткен. Одан сорақысы əкесінен жəне оның артынан соғысқа аттанған əкесінің екі інісінен яғни ағаларынан айырылып шешесімен өмірдің бар тауқыметін тартқан.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve + 11 =