Соғыс тарихынан сыр шертеді

0 44

Ұлттық музейде «Нюрнберг сабақтары: ұмытылмас үшін» атты көрме ашылды.

Бұл маңызды іс-шараны Ұлттық музей еліміздегі Ресей ынтымақтастық өкілдігі, Ресей тарихи қоғамы, Мәскеудегі Ұлы Отан соғысының орталық музейі және Қазақстандағы Ресей Федерациясы елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.
Мәдени шараның ашылуында Ұлттық музей директоры Арыстанбек ­Мұхамедиұлы: «Ұлттық музей тарихи оқиғаларды зерттеуде бір ғана ежелгі немесе ортағасырлар кезеңімен шектеліп қалмайды. Біз үшін жаңа заманда орын алған оқиғалар да өте маңызды. Бұған фашистік Германияның іс-әрекетін айыптаған Нюрнберг процесінің басталуының 75 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған бүгінгі көрмеміз дәлел болады» деп оның мазмұнына тоқталып өтті. Одан кейін Ресей тарихи қоғамы басқармасының төрағасы, «История Отечества» қорының атқарушы директоры Константин Могилевский, Қазақстандағы Ресей ынтымақтас­тық өкілдігінің басшысы Алексей Коропченко мен Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяған сөз алып, Нюрнберг процесінің тарихи маңызын ашып көрсетті.
Көрмеге қойылған жәдігерлер гитлерлік фашизмнің қылмысын айыптаған және екінші­дүниежүзілік соғыстың нүктесін қойған әлемдік тарихтағы алғашқы халықаралық әскери трибунал туралы сыр шертеді. Сонымен бірге Нюрнберг процесінің тікелей қатысушысы, киевтік Арсений Кудрявцевтің жеке мұрағатынан алынған ерекше фотосуреттер мен құжаттардың құндылығы да келушілердің қызығушылығын туғыз­ды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen + four =