СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

0 370

den pobedy

Биыл елордада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 69 жылдығын атап өту аясында жергілікті бюджет қаржысы есебінен екі жүз елу сегіз Ұлы Отан соғысына қатысушы мен мүгедекке 150 мың теңгеден бір реттік ақшалай төлем төленеді. Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәлім етті.

Сондай-ақ,  Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға  20 мың теңгеден көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген басқа да санаттағы адамдарға, соның ішінде соғыс жылдарында тылда еңбек еткендер мен қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына да 10 мың теңгеден беріледі.

Сағи ОРАЛ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 + 2 =