Соғыс ардагеріне құрмет

0 63

Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері соғыс ардагеріне ізет көрсетті. ҚР ІІМ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков пен қалалық ПД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Кішкентаев 94 жастағы Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Өтен Мұстафиннің үйіне барып, Жеңіс күнімен құттықтады.«Біз сіздердің алдарыңызда мәңгілік қарыздармыз. Бейбіт өмір үшін қаһармандық танытып, жанқиярлық ерлік жасадыңыздар. Сіздердің алдарыңызда басымызды иеміз және мықты денсаулық тілейміз» деді Өмірзақ Болсамбеков.

Өтен Мұстафин 1926 жылдың 15 тамызында Қостанай облысының Меңдіқара ауданында дүниеге келген. Әскер қатарына 1944 жылдың 15 желтоқсанында алынып, 1945 жылдың наурызында ІІ Беларус майданына, Минск қаласын жаудан азат етуге, сәуірде 303-атқыштар полкінің құрамында Одер өзені үшін болған үлкен шайқасқа қатысқан


Елге келген соң ішкі істер бөліміне жұмысқа орналасып, 1981 жылы зейнеткерлікке шыққан. Майдандағы ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен және 6 мерекелік медалімен, Ішкі істер саласындағы үздік қызметі үшін 5 медальмен марапатталған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

6 − four =