СОҒЫП ТҰР ДОНОР ЖҮРЕГІ

0 188

 

 

 

Астана медицинасының адымы тағы ұзара түсуде.
Елімізде жүрекке жасалған тұңғыш трансплантация өткен жылы тамыз айында жүзеге асырылған еді. Донорлық жүрек ауыстыру операциясы екінші мәрте жасалып, сәтті аяқталды.

 

Рас, биылғы жазда Алматы дәрігер­лерінің жүрек трансплантациясы үмітті ақтамаған еді… Елордадағы Ұлттық ғы­лыми кардиохирургия орталы­ғындағы ота әлгі олқылықтың орнын толтыр­ғандай. Таң қаларлығы сол, науқасқа донор жүрегі бір мың екі жүз шақырым қашық­тықтағы Алматы қаласынан бі­ре­­гей медициналық жабдық арқылы жеткізілген.
«Осы операцияның сәтті өтуіне барлық қызметтердің жүйелі жұмысы септігін тигізді. Донорлық жүрек Алматыдан Астанаға жетінші қараша күні жеткізілді. Донордың жүрегі төрт сағат ішінде трансплантациялануы керек. Жүрек «Organ Care System» бірегей медициналық қондырғысымен әкелінді. Бұл қондырғы енді елдің кез келген түкпірінен донорлық жүректі жеткізуге мүмкіндік береді. «Organ Care System» донорлық жүректі он екі сағатқа дейін сақтай алады» деді орталықтың басқарма төрағасы Юрий Пя.
Мамандардың сөзіне сенсек, донорлық жүректі сақтауға арналған қондырғының бағасы 400 мың долларды құрайды екен. Оны пайдалану үшін арнайы дайын­далған мамандар қажет. Бұл істе аса тия­нақтылық пен ұқыптылық болуға тиіс. Себебі, жүректің жеткізілуіне санитарлық авиация ғана емес, төтенше жағдайлар қызметкерлері мен күш құрылымдары да тартылған. Бүгінде «Organ Care System» қондырғысы АҚШ, Австралия мен Гер­манияның әлемдік деңгейдегі үш ірі кли­никасында ғана пайдаланылады екен.
«Донорлық жүрек ауыстырудың екінші отасы сәтті аяқталды, қазір емде­лушінің жағдайы тұрақты. Әрі қарай барлығы жоспарға сай болады деп ойлаймыз» дейді дәрігерлер.
Елімізде бұл операцияға жүз жетпіске жуық адам зәру көрінеді.

 

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 + 14 =