Snowpark шақырады

0 32

Елордадағы Nur-Sultan snowpark қала тұрғындарының жиі баратын жеріне айналды. Ататүрік саябағындағы тау шаңғысы мен сноубордқа арналған жасанды төбешік елімізде бірінші рет қысқы қоғамдық кеңістікті дамыту аясында орнатылды.

Нысанның жалпы ауданы 720 м2-ден асады. Ұзындығы – 40 м, ені –18 м. Саябақ пластик, металл және ағаш элементтерінен жасалған.
«Сноуборд тебуге келетіндердің жас ерекшелігі әртүрлі. Балалар қатты қызығушылық танытып жатады. Бұл жер – шағын шымбұлақ. Нағыз кеңсеге қамалған қызметкерлердің, қабағы қатулы қала тұрғындарының тынығатын орны. Сноупарк аумағында жаңадан бастаушыларға қажетті жабдықты жалға беру жағы ұйымдастырылған, сноубордтан хабары жоқ азаматтар үшін жаттықтырушылар бар» дейді сноуборд нұсқаушысы Елнұр Жақсылық.
Нұсқаушылар әуесқойларға сабақ береді. Кешке сноупарк шамдармен жарықтандырылады. Осылайша экстремалды спорт түрлеріне қызығушылар күндіз ғана емес, түнде де шаңғы теуіп, табиғат аясында тыныға алады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × four =