SMS Неге келмейді?

0 259

Редакциямызға Жарқын Аманбекова есімді оқырманымыз хабарласты. «Менің ұлым оқитын мектепте оқушылар элек­тронды куәлікпен кіргізіледі. Бұл оқушының білім ұясына қашан келіп-кеткендігін бақылап отыру үшін жасалған. Ал, ақпарат ата-ананың ұялы телефонына СМС арқылы келе­ді. Алайда, сол СМС-тер тұрақты түр­­­­де келеді деп айту қиын. Сұрайын де­­генім, не себепті хабарлама кейде келмей қалады?» дейді қамыққан ана. 

«Smart Астана» технологиясы аясында жүзеге асқан ақпараттық жүйе оқушының мектепке қашан келіп, қай уақытта шыққандығын тіркеп отырады. Бұл жобаны­ ен­гі­зу мектептегі тәртіпті күшейтіп қа­на қоймай, баланың жеке қауіп­сіз­дігін қамтамасыз етуге де үл­кен­ көмек болып отыр. Ата-ана­лар­ куәлік арқылы баласының са­баққа қатысуын қа­да­ға­лап, оның қай­да жүргенін анықтай алады. Сондықтан, оқырман сауалы бойынша елордалық №54 мектеп-ли­­­це­йінің директоры Ғалияш Қуанышбекқызына хабар­ла­сып, төмендегідей жауап алдық.

«Дәл қазіргі таңда ақпараттық жүйе дұрыс жолға қойылған. Әрбір ата-анаға хабарлама тұрақты түрде жөнелтіледі. Бұл мәселені мамандар тәулік бойы бақылап отыр. Егер оқушы куәлігін үйде ұмытып кетсе немесе жоғалтып алса, әрине, ата-анаға хабарлама жетпейді.»

Гүлмира АЙМАҒАМБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 5 =