SMS арқылы жолақы төлеу тоқтатылады

0 17

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көліктерінде 1 мамырдан бастап SMS-хабарлама жолдау арқылы төлеу қызметі өшіріледі.Мұндай шешім ұялы байланыс операторлары қызметінің жиі істен шығуына байланысты тасымалдаушылардың сұрауы бойынша қабылданды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

2505 қысқа нөміріне SMS-төлем жасау – жол жүрудің баламалы төлем түрлерінің бірі. Негізгі әдіс – көлік картасы және қолма-қол ақша арқылы төлеу. Бүгінде жол ақысын көлік картасымен, сондай-ақ QR-код арқылы төлеуге болады. Ол үшін келесі мобильді қосымшаларды қолдануға болады: Transcard, Kaspi.kz, SMSBUS, Homebank, My Activ, My Beeline, Senim, Рахмет, Astra Bus, Plus24 (Касса24), Qiwi және OYBY.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × 1 =