Smart Astana мәлімет берді

0 5

Эпидемиологиялық жағдай туралы Smart Astana мобильді қосымшасынан білуге болады. Еліміздегі санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау, инфекцияның қаупін азайту туралы жедел ақпаратты Smart Astana мобильді қосымшасынан білуге болады. Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары ­Малика ­Бектұрова өзінің Telegram каналында мәлімдеді.
«Бүгінгі таңда елімізде коронавируспен тіркеудің 49 жағдайы расталды, оның 22-сі – Алматыда, 25-і – Нұр-Сұлтанда, тағы 2 адам Қарағандыда тіркелдi. Осы коронавирус туралы және басқа да ақпаратты кез келген адам Smart Astana мобильді қосымшасында ала алады. Еліміздің өңірлері, санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау, инфекцияның қаупін азайту туралы жедел ақпараттарды, ақпараттық бейнелер мен инфографиканы, осының бәрін үйден шықпай-ақ табуға болады» дейді ­Малика Бектұрова. Сонымен қатар, қосымшада Денсаулық сақтау министрлігінің 1406 сенім телефонына, сондай-ақ төтенше жағдайлар бойынша 119 сенім телефонына сілтеме бар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды