Сiздiңше, сенбiлiктiң пайдасы қандай?

0 84

Көктем шыққалы берi елiмiздiң барлық аймақтарында тазалық жұмыстары жүргiзiлiп жатыр. Еңкейген кәрiден еңбектеген балаға дейiн өздерi тұратын ауыл-аймақты тазалап, ағаш отырғызып, Жер-анаға қамқорлық жасауда.
Елбасы тапсырмасын басшылыққа алған астаналықтар да елiмiздiң ертеңi, ұрпағымыздың болашағы көрiктi болуы үшiн осынау игiлiктi iске үлес қосып жүр. Ал, сiздiң пiкiрiңiзше, сенбiлiктiң пайдасы қандай?

Бағдат ӘЗБАЕВ,
«Астана орманы» ЖШС-нiң директоры:

– Еуропа елдерiндегi қалалар сенбiлiктерсiз-ақ тап-таза. Се­бебi, ондағы тұрғындарға таза­лық пен тәртiп, ең алдымен өздерi үшiн қажет. Олар, тiптi темекi тұқылын да кез келген жерге лақтырмайды: ментали­тетi басқа. Бiздiң қалалық­тардың осыны қатаң ескергенi жөн. Жалпы, бiле бiлген адамға  сенбiлiктiң пайдасы ұшан-теңiз. Ауамыз таза болмаса, тамағымыз сiңiмдi, көңiлiмiз көтерiңкi болмайды. Сондық­тан кез келген тұрғын өзi тұра­тын айналаны таза ұстап, ша­масы келсе көшеттер отыр­ғыз­ғаны жөн. Бұл тәрбиенi жас­тар арасында көбiрек насихаттау­дың артықтығы жоқ. Сонда қалалық мәдениет те қалыпқа түседi.
Астана – басқа өңiрлерге қарағанда жас әрi таза қала. Сондықтан әр тұрғын өз қала­сының тазалығына үлес қосып, туған жерiне деген сүйiспен­шiлiгiн бiлдiруi керек. Бұл ретте бiзде қаланы көр­кейтiп, абат­тан­дыру жұмыс­та­рына арнал­ған мемлекеттiк бағ­дарламалар бар. Осы бағытта бөлiнетiн қаржы көлемi де үлкен.
«Бiр тал кессең, он тал ек» деген. Сол айтқандай, әрқай­сысымыз бiр талдан егетiн болсақ, Астана қаласында қаншама тұрғын бар, жылдан жылға көбейiп келе жатыр, солар тегiс атсалысса, қаламыз одан әрi көркейе түсер едi.
Тұрғындар жекеменшiк үйле­рiнен шығатын тұрмыстық қалдықтарды кез келген жер­лерге төгiп, стихиялық қоқыс алаңдарын жасауды тоқтат­пайынша, осы жөнiндегi түсi­нiгiн, ой-санасын өзгертiп, жа­ңартпайынша, нә­ти­жеге қол жеткiзу қиын. Әлi де болса ав­токөлiктен қоқыс лақтыратын­дардан арыла ал­май келемiз. Сондықтан бұл iске тәртiп сақшыларын, сан­эпи­дем­стан­са дәрiгерлерiн қа­тыстырудың еш айыбы жоқ. Қазақ, негiзi, ырымшыл халық қой. Кейде «жерге қоқыс таста­саң, жолың болмайды» дегендей сөздердi айтып отыру да, ар­тықтық етпейдi деп ойлаймын.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 − eleven =