Сіздің тағдырыңыз бас қаламен қаншалықты байланысты? Астана сізге несімен ыстық, несімен қымбат көрінеді?

0 158

baiterek-46

 

Светлана   ЖАЛМАҒАНБЕТОВАСветлана ЖАЛМАҒАНБЕТОВА, сенатор

– Астана – туғанқалам. Балалық шағымның куәсі – Ақмола болсын, қазіргі Астана болсын, атауынөзгертсе де, маған бұл жер сондайқымбат, сондай ыстық. Еуразия төңірегіндегі еңәсем, ең көркем, күлліәлемді мойындатып отырған Астанаммен мақтанамын, қуанамын.

Көркіне көз тоймайтын Астанамды көріп, ең алдымен, Аллаға, екіншіден, Елбасына ризашылық біл­ді­ремін. 1998 жылы басқала­мыз­ды Астанаға көшіріп, қазақ халқына таңғажайып шаһар сый­ла­ғаныүшін елор­да­лық­тар көш­бас­шы­мыз­ғаөмір бақиқарыздар деп ойлаймын. Ашық аспан астында, Астанақаласындаөмір сүріп жат­қа­нымүшін бақыттымын.

 

Ербол ТІЛЕШОВЕрбол ТІЛЕШОВ, Астанақаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы:

– Астана менүшін елімнің дамуының мысалындай. Себебі, біз Ақмолаға 1992 жылы келдік. Бұл жылдың ел экономикасыүшін де, руханиятыүшін деөрлеу кезеңі болмағаны түсінікті. Еліміздің бірте-бірте ілгерлеуімен сол кездегі Ақмола да ілгерілей бастады. Ал, бұлқаланың астаналық мәртебеге ие болуы оныңқадамын ашып, жұлдызын жақты. Қаланың дамуынақалайүлкен мақсаттарқойыла бастауымен, тұрғындарының даөміргеқұлшынысы арта түсті. Сөйтіп, Астанамен бірге біз де алға жылжыдық. Елөркендеді, елорда көркейді, біз де есейдік. Астанаұлтымыздыңұясы, біздің тағдырымыз, ұрпағымыздың болашағы болуыменәрі ыстық, әріқымбат!

 

 

Гүлжанат САЙЛЫБАЕВАГүлжанат САЙЛЫБАЕВА, поштақызметкері:

– Балаларымның болашағыүшін 2008 жылы Алматы облысынан елордаға көшіп келдік. Сол уақыттан бері пошташы болып еңбек етіп келемін. Күн сайын Астана көшелерін аралап, әрбір мекемеге хат-хабар, газет-журнал тасимын.

Шүкір, Астана көз алдымызда көркейіп келеді. Бұрын 5-6 ғимаратқағанақызмет көрсетсем, қазіргі уақытта 15 бизнес орталығына хабар-ошар жеткізу менің міндетіме кіреді.

Астана отбасымызүшін жақсықуаныштардың бастауы болды. Осында бесіншіқызым дүниеге келді. Бүгінде екіқызымөз білімдерінің арқасында елорданың іргелі оқу ордасында тегін білім алуда.

Әрбір астаналық елорданы жан-тәнімен сүйіп, дамуынақандай да бірүлесқосса деген ізгі тілегім де жоқ емес.

 

Сауалнаманы жүргізген:

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 1 =