«СИҚЫРЛЫ» СУСЫНДАРҒА ТЫЙЫМ САЛЫНСА

0 110

Бүгінде энергетикалық сусындардың бірнеше түрі дүкендердің өтімді тауарларына айналған. Онымен қоса, тұтынушылардың сұранысын одан әрі артты­ру үшін түртүрі сатылымға шықты. Энергетикалық сусын­дар шаршағанды басып, адам бойына күшқайрат дарытып, қанаттандырады дейтін жар­намалар қаптап кетті. Алайда аталмыш сусындарды сатуға әлемнің көптеген елдерінде неге тыйым салынды?

Көршілес Ресей елінде энергетикалық сусын тек кәмелеттік жасқа толған азаматтарға сатылса, Қытайда құрамында тыйым салынған үстемелер болуы мүмкін деген пайымдаумен дүкен сөрелерінен алынып тасталды. Ал Дания, Франция, Норвегия елдері бұл сусындарды тек дәріханаларда сатуға рұқсат еткен.

Қазіргі таңда елімізде бұл тауардың бірнеше түрі бар. Жастар арасында «Ред булл», «Пуш», «Диззи», «Бёрн» сияқты сусындар өтімді.

Студенттер де, мектеп оқушылары да осы бір «сиқырлы сусындарға» құмар-ақ. Алайда, дәрігер маман­дар оның адам денсаулығына орасан зор зиян келтіріп, тіпті әлсіздікке әкеледі дейді. Олардың бағалары да қолжетімді. Шамамен алғанда 140 теңгеден басталатын сусындардың ең қымбаты – 700 теңге. Көпшілік сол сусындарды демалыс орындарында, дәмхана, бар мен түнгі клубтарда пайдалануға әдеттенсе, студент жастар кезекті сессияның мерзімі жақындаған уақытта күш-қуат көзі ретінде ішуді дәстүрге айналдырған.

Қалай десек те, энергетикалық сусындардың құрамында адам ағзасына зиянды қоспалардың көптігін мамандардың жоғарыда келтірген деректерінен байқаймыз. Қазақстанда энергетикалық сусындар­ды өндіруге де, сатуға да тыйым салған дұрыс. Бұл жастардың болашағы үшін ауадай қажет.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen − 6 =