«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Сингапур компаниясымен келісім жасады

0 167

Астана қаласының әкімдігі, «Kazakh Invest» ҰК» акционерлік қоғамы және Сингапурдың «Pegasus Education Group» компаниясы Астанадағы білім беру жүйесін дамытуға арналған инвестициялық жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойды.

Сингапурдың үздіксіз білім берудің жеке білім беру желісін құрған «Pegasus Education Group» компаниясы өз қызметін 1986 жылы бастаған. Қа­зіргі уақытта компания Оңтүстік-шығыс Азия­дағы 20-дан аса білім орталығын басқарады. Мектептер халықаралық ұйымдармен аккредиттелсе, компания АСЕАН шеңберінде білім беру саласындағы ең үздік жеке компаниялардың бірі болып танылады.
Жобаның бірінші кезеңдегі жалпы инвестициясы шамамен 20 миллион АҚШ долларын құрап, жаңа 300 жұмыс орны ашылады деп жос­­парлануда. Астана қа­­ласының әкімдігі өз тарапынан инвестиция­лық жобаларды іске асыру үшін жер учаскесі түрінде мемлекеттік несие беру, қажетті инфрақұрылымды құру, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, жан басына қаржыландыру сияқты қолданыстағы мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ету бойынша кешенді көмек көрсететін болады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды