Симптомсыз науқастардың есебі мен емі бөлек

0 51

ҚР бас санитарының 1 маусымдағы қау­лысына сәйкес коронавирус инфекциясы бойында бар, бірақ әлі белгі бермеген нау­қастардың есебі мен емі бөлек жүргізілетін болды. Бұл қаулы 3 маусымнан бастап күшіне енді. «Ол не үшін?» деген сұраққа Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова «клиникалық белгілері бар нау­қастарға көбірек көңіл бөлу үшін» деп жауап берді.Басқарма басшысының айтуынша, дертті жұқтырып, жағдайы нашарлап келген науқастардың емдеу диагностикалық үдерісін дұрыс форматта ұйымдас­тырып, инфекция­ны одан әрі асқындырып алмау, қажетті медициналық көмекті толыққанды беру үшін осындай шешім шығарылған.
– Симптомы жоқ нау­қас­тар да назардан тыс қалмайды. Оларды қалалық емханаларға бөлеміз. Бүгінде барлық емханаларда провизорлық бөлімшелер жұмыс істеп тұр. Үй карантинінде болатын науқастарды емхана қызметкерлері үнемі қадағалап отырады. Күн сайын телефон соғып, керекті тағайындауларын береді. Әсіресе, сатурациясын өлшеп, қандағы оттегінің жеткіліктігі бойынша көрсеткіштерді бақылайды. Ал симптомы жоқ науқастарда аяқасты клиникалық белгілер байқалса, оларды одан әрі толығырақ тексеру үшін қаладағы екі инфекциялық стационарда рентгеннен өткізетін кабинеттер, компьютерлік томограф ашылған, – деді республикалық телеарнаға берген сұхбатында С.Қисықова.
9 маусымдағы соңғы тәулікте елордада жаңадан 42 адамның инфекция жұқтырғаны тіркелсе, одан бөлек 250 адам симптомсыз науқас болып зертханаларда анықталған. Жалпы, коронавирусқа қарсы тест оң нәтиже берген елордалық барлық науқастардың 70 пайызы – ешқандай ауру белгісі жоқ адамдар. Қазір Нұр-Сұлтан қаласында COVID-19 дертіне қарсы күніне 5 мыңға жуық тест зерттеу жүргізілуде. Ауру жұқтырушылар санының артуы да осы анықтау мүм­кіндігінің, яғни зертхана­лардың көбеюімен бай-ла­ныс­т­ы болып отыр. Эпи­демия басталғалы елор­дада 2520 адам ауру жұқ­тырды. 1621 адам немесе 64 пайыз науқас емделіп шықты. Тағы бір қуанышты хабар – дерт жұқтырған жүкті әйелдерден 11 сау бала дүниеге келді.
Сәуле Қисықова карантиндік шаралардың күшейтілуі немесе осы күйінде қалуы, әлде жұмсартылуы елдегі, қаладағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты болатынын жеткізді. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жұмысы карантиннен кейін қайта жанданған барлық нысандарға күн сайын мониторинг жүргізіп отыр. Өнеркәсіп орындары мен коммерциялық және әлеуметтік нысандардағы санитарлық нормалардың сақталуы Тауарлар мен қыз­меттер сапасы мен қауіп­сіздігін бақылау комитеті департаментінің бақылауында. Кәсіпкерлік субъектілерінің басшыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Санитарлық талаптарды бұзғандар әкім­шілік жауапкершілікке тартылып, оларға айыппұл салынады, қажет болса, қызметтері тоқтатылады. Сондықтан басқарма басшысы елорда тұрғындарын карантиндік шараларды, санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight + 4 =