СИМФОНИЯҒА СYЙЕНГЕН «А’STUDIO»

0 144

4609-2

Астана тойының думаны толастамақ емес. Қала жұртшылығы мен қонақтары 7 шілдеде сағат 20.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында Астананың симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен «А’Studio» тобының концертін тамашалайды. Топ мүшелері елорданың төл мерекесінің құрметіне өз тыңдармандарына ауқымды шоу тарту етпек.

Сахнаға құрылған таңғажайып декорация, жанды дауыс әрі белгілі топтың симфониялық жаңа нақыштағы ұмытылмас хит әндері астаналықтарды ерекше әсерге бөлемек. Топтың жетекшісі,белгілі музыкант Байғали Серкебаевтың інісі танымал композитор Алмас Серкебаев бұл кештің бұрынғы концерттерден өзгеше екенін айтады. Айталық, ол осы ұжымның «Джулия», «Стань моей молитвой», «Нелюбимая», «Солдат любви» хиттері желісімен «Фантазия» аспапты туындысын дүниеге әкелді.

«А’Studio» тобы ширек ғасырдан бері көрерменін сапалы өнерімен сусындатып келеді. Топтың эстрада сахнасында айтарлықтай орны бар және өз стилін қалыптастырып үлгерген. «A’Studio» – Ресей мен Қазақстан шоу-бизнесіндегі ұзақ жобалардың бірі. Ең алғашқы «Джулия» ән жинағы сәтті шыққаннан бері тыңдармандарының талғамын табуда.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

8 − two =