Шырша шапағаты

0 175

М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің жетім балалар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған Жаңа жылдық шырша мерекесі өтті. 

Айтулы шараға 230 бала қатысты. Барлық шақырылған балалар жаңа жылдық сыйлықтарға ие болды. Өз кезегінде аудан әкімі Ермек Оспанов: «Сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Осы жыл сіздер үшін жақсылықтарға толы болсын. Еліміздің елеулі азаматтары болыңдар! Сіздерге зор денсаулық, бақытты балалық шақ тілеймін» деп өз құттықтауын жеткізді.

Концерттік бағдарламаға «Созвездие», «Бәйтерек» бишілер ансамблі, «Балдырған» циркі, «Звездный час» студиясының әншілері, «Гүлдәурен» әншілер тобы және басқа да өнерпаздар қатысты. «Қысқы мереке» әнімен «Юность Астаны» студиясы көп­шілік көңілінен шықты. «Ер төстік» ертегісінің желісінде ұйымдастырылған концертте жағымсыз кейіпкер Бекторымен би жарысы болды. Бекторы жеңіліс тауып, Аяз ата бәрін достыққа, бірлікке шақырды. Шаттыққа толы шара соңында балалар «Нұр» қазақ театры сахналаған «Қар ханшасының сарайында» атты ертегіні тамашалады.

Ербол ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × 5 =